×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Ақтөбе шенділері 18 млн теңгені желге ұшырмақ болмақ

21.08.2023, 12:52
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында мемлекеттік сатып алудағы жоспарланған жұмыстарға, қызметтер мен тауарларға мониторинг жүргізу барысында екі электромобильді жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мәліметінше, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ электромобильдің бір бірлігін 38,9 млн. теңгеге сатып алуды жоспарлағаны анықталды. Ал ұқсас электромобильдердің орташа нарықтық құны шамамен 29 млн. теңгені құрайды.

“Осыған байланысты, Ақтөбе облысы бойынша әкімдікке ұсынымдар енгізіліп, соның негізінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт нарықтық бағаларға сәйкес келтірілді. Осылайша, 18 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын үнемделді”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Департамент Әйтеке би және Байғанин аудандары мәслихатының аппараттары жоспарлаған біліктілікті арттыру семинарларын ұйымдастыру бойынша қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне талдау жүргізді.

Талдау барысында бюджеттік жоспарлаудың тиімсіздігі анықталды және аталған мәслихаттарға мемлекеттік сатып алуды іске асыру барысында пайдаланылатын бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау үшін ұсынымдар берілді. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мекемелер осы қызметтерді сатып алудан бас тартқан.

“Департаменттің ұсынымдарының нәтижесінде жыл басынан бері 53 мемлекеттік орган мен ұйым мемлекеттік сатып алу жөніндегі жоспарларын қайта қарап, нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің 1,045 миллиард теңгеге үнемделуіне қол жеткізілді”, – деп мәлім етті ведомство.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтау шенділері жұмыс істемейтін 5 әжетхана үшін 87 млн теңге жұмсағаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары