×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Ел жатақханаларында орын тапшы: 19 мың студент далада қалуы мүмкін

21.08.2023, 16:27
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық студенттерге жатақханаларда 19 мыңға жуық төсек-орын жетіспейді. Орын тапшылығы, әсіресе, Алматыда оқитын жастар үшін күрделі мәселе болып тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Студенттердің құқықтары жөніндегі омбудсмен Айсұлу Ерниязова елімізде барлығы 663 жатақхана барын айтты, оның 250-і университеттерге, 414-і колледждерге қарайды.

Қазақстандағы студенттік жатақханалардағы кереуеттердің жалпы саны – 148 768.

Ерниязованың айтуынша, бүгінде ел білімгерлеріне жатақханалардан 19 мың орын жетіспейді, оның ішінде Алматыда 13 мың орын қат.

"Ресми төсек-орын тапшылығы — 19 мың орын, оның 13 мыңы Алматыда. Астанада – 2200 орын, СҚО-да  – 2318, Абай облысында –  1100, Түркістан облысында – 987 орын жетіспейді", – деді ол баспасөз мәслихатында.

Спикер алматылық студенттер хостелдерге орналастырылатынын, алайда қалған қалаларда мәселе қалай шешілетіні әлі белгісіз екенін айтты.

"Біз өз тарапымыздан мәселені тек қоғамдық өзара іс-қимылмен жеделдете аламыз. Біз жатақханалар құрылысын тезірек бастау керегін барынша айтып жатырмыз", - деді Ерниязова.

Сондай-ақ, студенттік омбудсмен жоғары оқу орындары мен колледждер жанындағы жатақханаларды тексеру нәтижелері туралы айтып берді. Мониторингтік топ  бұзушылықтар анықталған 237 студенттер үйін тексерді. Олардың негізгілері: өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, қажетті жиһаздың болмауы, антисанитария және ғимараттардың апаттық жағдайы.

Серіктес жаңалықтары