×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

"Жер-Анамызды уланудан сақтаймыз!": Жария тыңдауға келгендер АЭС құрылысына наразы

22.08.2023, 08:58
ulysmedia.kz

Бүгін Алматы облысындағы Үлкен ауылында атом электр станциясының құрылысы бойынша жария тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шараға қатысу үшін Ulysmedia.kz тілшісі ауылға арнайы барды. Тыңдаулар трансляциясыз өтеді.

Бірақ тілшіміз жолдаған суреттерден тұрғындардың АЭС құрырылысына көзқарасын анық көруге болады. Үлкендіктер өз ауылдарында атом электр станциясы бой көтергеніне үзілді-кесілді қарсы.



Үлкен ауылы Алматыдан 300 км-ден астам қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ, 300 км шегінде Қарағанды облысындағы шағын өнеркәсіптік Балқаш қаласы және Алматы облысының әкімшілік орталығы – Қонаев орналасқан.

Көптеген қоғам қайраткерлері мен энергетиктер Қазақстанда қазір атом электр станциясын салу үлкен қателік екенін бірнеше рет айтқан. Сонымен қатар, қоғамда құрылыс жобасы ресейлік "Росатомға" берілуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.

"Ресей Федерациясы санкцияларға ұшырады, олар басқа елдерден көптеген жабдықтар алды. Агрессор елмен келісімге қол қою  өзімізді қауіпке итерумен тең", — дейді қоғам белсенді Мейірхан Әбдіманапов

Журналист Анар Аққозаның пікірінше, атом электр станциясын салу жобасы шикі, өйткені құқықтық база да, техникалық-экономикалық негіздеме де, қаржылық есеп-қисап та жоқ.

Ал экономист Марат Әбдірахманов атом электр станциясын салудың орнына күн батареялары мен жел генераторларын салу экономикалық тұрғыдан тиімді деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстан қарастыратын ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне төрт шетелдік компания (ресейлік "Росатом", италиялық CNNC, француздық EDF және оңтүстік кореялық KHNP) кірді.

Жуырда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының мерзімі жайлы айту ерте екенін мәлімдеген

Ал "Самұрық-Қазына" төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін көп су мен ақша қажеттігін алға тартып, шешімді әбден таразылап барып қабылдау керегін айтқан.

Серіктес жаңалықтары