×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Астанада 7 жыл бұрын бизнес-кешенге қатысты алаяқтық жасағандарға үкім шықты

22.08.2023, 16:52
фото: ашық дереккөзден

Сот үкімімен қылмыстық ортада байланысы бар адамдар тобы бопсалау мен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2016 жылы елорда аумағында кінәлі тұлғалар өткізілетін аукцион қорытындыларына ықпал етуге және бизнес-кешен ғимаратын беруге уәде етіп, жәбірленушіден шамамен 300 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражатты алдау арқылы иеленген.

Одан әрі қылмыскерлер жәбірленушінің қаржылық жағдайы туралы біліп, ұзақ уақыт бойы қоқан-лоққы, физикалық зорлық-зомбылық арқылы жәбірленуші мен оның танысынан ойдан шығарылған 120 мың АҚШ доллары көлемінде жалған қарызды бопсалаған.

2021 жылға дейін аталған құқық бұзушылықтар ашылған жоқ.

Тек Астана қаласы прокуратурасының нұсқауларынан кейін ғана қылмыстық іс қайта жанданып, аса ауыр қылмыстар жасалғанын куәландыратын жеткілікті және жол берілетін дәлелдемелер жинақталды.

“Тергеу нәтижелері бойынша прокуратура айыптау актісін жасады. Сотта мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі туралы күмәнсіз дәлелдер келтірілді. Сот үкімімен кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды”, – делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары