×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Елімізде жалға берілетін пәтерлердің құны қалай реттелмек: Министр жауап берді

26.09.2022, 18:02
Фото: Ашық дереккөздерден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елдегі жалдамалы пәтерлердің төңірегінде болып жатқан ахуалға байланысты пікір білдірді. Айтуынша, алдағы уақытта бұл мәселе қолға алынбақ. Десе де бұл нарықтың көлеңкелі тұстары жетерлік, дейді министр. 

«Бізде жалдамалы нарық толық реттелмеген. Оның көлеңкелі тұсы көп. Қазір бұл мәселе бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің арнайы тапсырмасы бар. Менің ойымша алдағы уақытта агенттік бұл бағыт бойынша өзінің ұсыныстарын береді. Иә, бұл мәселе реттелуі керек. Яғни бұл орайда жалға берушінің де, жалға алушының да құқықтары қорғалуы тиіс», - деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алайда бұл айтылған мәлімдеме «пәтерді кімге және қандай сомада беру керек?» дегенді білдірмейді. Министрдің айтуынша, нарықты ретке келтіру деген сөз арнайы реестр жасау, елімізде қанша жалдамалы пәтер бар екенін анықтау және жалға берушілердің салық төлеу мәселесін қарастыру.