×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Шымкент шенділері 4,8 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуын конкурссыз өткізбек болған

23.08.2023, 11:05
nur.kz

Антикор шенеуніктердің Шымкентте ірі мемлекеттік сатып алуды конкурссыз өткізу әрекетін тоқтатты. Қалалық жайлы орта басқармасының бұрынғы басшысына айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғариннің мәліметінше, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы төтенше жағдайлардың салдарын жою тәсілімен «Бадам» өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарын конкурссыз 4,8 млрд теңгеге тікелей сатып алуды жоспарлаған.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тапсырыс берушімен бір көзден сатып алу әдісі рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсіліне өзгертілді.

“Сондай-ақ, осыған ұқсас тағы екі лот бойынша сатып алу тәсілін негізсіз таңдағаны үшін уәкілетті орган қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бұрынғы басшысы Е.Жолдасовты әкімшілік жауапкершілікке тартты”, – деді Д.Ерғарин.

Айта кетейік, бұдан бұрын ШҚО-да мемлекеттік сатып алу рәсімін заңсыз өткізген шенеунік жауапқа тартылған.

Серіктес жаңалықтары