×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Астанадағы жұмыссыздық: қалаға жыл сайын 50 мыңға дейін жаңа мамандар қажет

23.08.2023, 12:47
фото: ашық дереккөзден

Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5% шегінде сақталуда. Елордаға жыл сайын 40-50 мың жаңа жұмысшы қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана әкімдігіндегі брифинг барысында "Еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ директоры Олжас Омардың айтуынша, қалада жұмыссыздық деңгейі көтеріліп жатқан жоқ.

"Астанадағы жұмыссыздық деңгейі 4,5% шамасында. Жылдан жылға ол төмендеп келеді немесе тұрақты деңгейде сақталады, бірақ көтерілмейді. Біз қабылдаған шаралар жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға ықпал етеді. Сонымен қатар, Астанада жыл сайын жаңа өндірістерде 40-тан 50 мыңға дейін жаңа жұмыс орны ашылады", - деді Омар.

Оның айтуынша, орталыққа күн сайын жұмыс берушілерден қызметкерлерді іздеу туралы жүздеген өтініштер келіп түседі, осылайша қалада жұмыссыздық деңгейі тұрақты болып қалады.

Қазір елордада 5500-ден астам бос жұмыс орны бар. Олжас Омар атап өткендей, орталықта тәжірибесі жоқ жас мамандарға 120 мың теңге жалақы төленетін жұмыс ұсынылады.

Еске салайық,  елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам екені хабарланған.

Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен

Сондай-ақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы шынайы табысы күрт төмендеді.

 

Серіктес жаңалықтары