×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда жаңа мемлекеттік университет құрылды

23.08.2023, 14:08
көрнекі фото

Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы қаулысымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің" Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын", - делінген құжатта.

Жаңа университет Жезқазған қаласында орналасады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысу болып айқындалды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда екі университеттің атауы өзгерген.

Серіктес жаңалықтары