×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ресейдегі ұшақ апаты: Пригожинмен бірге қаза тапқандар тізімі жарияланды

24.08.2023, 08:14
әлеуметтік желіден

"Росавиация" Тверь облысының маңында құлаған Embraer ұшағының бортында Евгений Пригожиннің барын растады. Cондай-ақ апаттан қаза тапқан өзге жолаушылардың есімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысы маңында жеке меншік Embraer ұшағы апатқа ұшырап, он адам қаза тапты. Оның ішінде «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушысы әрі көшбасшысы Евгений Пригожин де бар.

Ұшақ Шереметьево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған.

Ұшақ бортында болған жолаушылар:

Дмитрий Уткин

Сергей Пропустин

Евгений Макарян

Александр Тотмин

Валерий Чекалов

Николай Матюсеев

Үш экипаж мүшесі: Алексей Левшин

Рустам Каримов

Кристина Распопова

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді. 

Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.

Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.

Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.

25 маусымға қараған түні  «Вагнер» жауынгерлері  Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.

Бүліктен кейінгі халыққа жолдауында Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларына екі жол ұсынды.

Сондай-ақ, "Вагнердің" бұдан былай Украинадағы соғысқа қатыспайтыны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары