×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Қостанайдағы алапат өрттер: орман шаруашылығының экс-директорына үкім шықты

24.08.2023, 10:09
tobolinfo.kz

Сот Қостанай облысында болған орман өрттері үшін айыпталған Басаман орман шаруашылығының бұрынғы директоры Асғат Жақашевке қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Асғат Жақашев ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ.

Нәтижесінде іс немқұрайлылық туралы бап бойынша қаралды. Жақашевқа төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың күзінде Қостанай облысында бірнеше орман өрттері тұтанды. Бірнеше ауылда 108 ғимарат күлге айналды. 10 адам күйік пен уланудан зардап шекті. 1935 жылы туған ер адам қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары