×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Алматы облысында оқушылар бұрын жеке үй болған ғимаратта білім алуда

28.09.2022, 10:12
Фото: Ашық дереккөздерден

Алматы облысында оқушылар жеке үй ғимаратында білім алуға мәжбүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысы Көксай ауылындағы жалғыз мектепте бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар әлі аяқталмаған.

Жеке үй ғимаратында 111 бала екі ауысыммен оқиды. Бұрын жатын бөлме болған бөлмелер сыныпқа айналған. Дәретхана далада. Ал тар мұғалімдер бөлмесінде 34 мұғалім кезектесіп журнал толтырады. 

Жергілікті шенеуніктер жөндеу жұмыстарын бұдан үш ай бұрын бастаған. Ата-аналар болса, орындаушылардың жайбарақаттығына таң қалып, наразы болуда. 

Ал оқу корпусында жұмысшылар тек керегелерге сылақ жасап, сантехника мен электр желілерін жүргізіп үлгерген. Бірақ бұл барлық жұмыстың жартысы ғана. Әлі еденді тегістеп, кафель қою керек.