×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Бурабайда казинодан 400-ге жуық адам шұғыл эвакуацияланды

24.08.2023, 12:08
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Бурабайдағы казиноға бомба қойылғандығы туралы ақпаратқа байланысты 393 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 24 тамыз күні, сағат 09:49-да Бурабай аудандық полиция бөліміне қауіпсіздік қызметінің қызметкерінен «CashVille» казиносында жарылыс болу қаупі туралы ақпарат түсті.

«Полиция қызметкерлері жеке сектордың аумағын қоршап, шығып бара жатқан көліктерді тексерді. Қазіргі уақытта 393 адам эвакуацияланды. Бұл дерек ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Жарылыс техниктері ғимаратта жарылу қаупі бар заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр. Сонымен бірге күдіктінің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Осы реттте, Ақмола облысының Полиция департаменті жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабар берген адамның қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары