×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Оқушылар тағы да маусымға дейін оқи ма – үкімет шешімі жарияланды

25.08.2023, 09:47
egemen.kz

Қазақстандық оқушылар қайтадан 25 мамырға дейін оқитын болды. Бұл туралы тамыз кеңесінде үкімет басшысының орынбасары - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, оқушылар 34 апталық оқуға қайта көшеді.

“36 апталық оқу жүйесін енгізу халықаралық тәжірибе екенін мойындау керек. Бірақ мұндай жаңашылдықтар тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Министрліктің оқушыларды 1 маусымға дейін оқытуы орынды, бірақ асығыс шешім болды. Биылдан бастап 34 апталық оқуға көшкен дұрыс болады”, – дейді ол.

Дүйсенова 36 апталық оқу жүйесіне көшу 2025 жылдан кейін қаралатынын атап өтті.

Еске салайық, өткен оқу жылында қазақстандық оқушылар 1 маусымға дейін оқыды. 1-сынып оқушылары 35 апта, 2-11-ші сынып оқушылары 36 апта білім алды.

Бұдан бұрын экс-министр Асхат Аймағамбетов “Оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болды?” деген сұраққа жауап берген.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа соңғы қоңырауды қайтадан 25 мамырға ауыстыру бір күнде қабылданатын шешім еместігін айтты.

Сондай-ақ, сарапшы оқу жылын ұзарту "о бастан абсурд шешім" болғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары