×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

"Ата-ана таңдауы емес": Астанада 1-сыныпқа баратындардың 40%-ы орысша оқиды

25.08.2023, 11:11
sputnik.kz

Елордада 1-ші сыныпқа қабылданған оқушылардың 40%-ы орыс тілінде білім алмақ. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, оқушылардың 61% қазақ тілінде оқитын болады. Сенғазыев бұл көрсеткіш 2 жыл бұрын 51% болғанын, келесі жылы 70% жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

Танымал педагог Аятжан Ахметжанұлы бұл жағдайды министрліктің идеологиялық жұмысының әлсіздігі деп есептейді.

“Қазақ сыныбында орын жоқ, орыс сыныбына барасыз ба, - деп отыратын қабылдау комиссиясын да көрдік! Ойбай, ата-ана таңдауы дейді, бұның бәрі ата-ана таңдауы емес, бұның бәрі сапасыз жұмыс көрінісі!” - дейді ол.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген.

Серіктес жаңалықтары