×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосыла ма: Ұлттық банк басшысы жауап берді

25.08.2023, 13:48
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов қаржы реттеушісі күн тәртібінде жаңа ипотекалық бағдарламаларды іске қосуды жоспарлап отырмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Брифинг барысында Ulysmedia тілшісі субсидия берілетін жаңа ипотекалық бағдарламаны ашу жоспары бар-жоғын сұрады.

«Ұлттық банктің күн тәртібінде ипотекалық несиені қаржыландырудың қосымша жеңілдетілген бағдарламасы жоқ. Біз Ұлттық банктің экономиканы қаржыландыруға қандай да бір қолдау көрсетуге қатыспауын қалайтынымызды бірнеше рет айттық және онымыз дұрыс деп санаймыз. Бұл жеңілдетілген қаржыландырудың барлығы біздің басты мақсатымыз – инфляцияны төмендету», - деді Пірматов.

Ұлттық банк басшысы қазақстандықтардың баспана сатып алуына мемлекеттік қолдау Ұлттық банк есебінен емес, республикалық мемлекеттік бюджет есебінен мақсатты түрде жүргізілуі керек деп есептейді.

«Ұлттық банк экономикалық қызметке қатыспайды. Мемлекеттік бағдарламалардан бас тартуын жалғастыруы дұрыс болар еді деп ойлаймыз. Жеті бағдарлама болды, бесеуінен біз кеттік. «Қарапайым заттар экономикасы» және «7-20-25» бар, олардан тезірек шығуды жоспарлап отырмыз», - деді Ғалымжан Пірматов.

Еске салайық, жыл басынан бері Ұлттық банк «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемін күрт қысқартқан болатын. Банк бөлімшелерінде азаматтардың ұзын-сонар кезегі пайда болды. Қазақстандықтардың көбі бағдарлама бойынша пәтерлерін реттеп үлгермегеніне наразы. Ұлттық банк азаматтардың өтінішіне жауап бере отырып, қаржыландыру көлемін арттырмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары