×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ресейде АИ-95 бензині бағасының рекордтық өсімі тіркелді

25.08.2023, 14:56
myseldon.com

Бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Ресейде «Премиум-95» маркалы бензиннің биржалық бағасы рекорд жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  ТАСС-қа сілтеме жасап.

Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасының мәліметінше, Аи-95 бензинінің бағасы бір күнде 1,11%-ға, тоннасына 71,746 мың рубльге дейін өсті. Бұған дейінгі рекордтық көрсеткіш алдыңғы күні, 23 тамызда орнап, тоннасына 70,959 мың рубльге жеткен.

Ал жазғы дизель отыны 0,56%-ға, тоннасына 66,026 мың рубльге дейін, Аи - 92 бензині 0,42%-ға, тоннасына 62,432 мың рубльге дейін арзандады. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынның бағасы (авиакеросин) 0,56% - ға, тоннасына 68,183 мың рубльге дейін, қыздырғыш мазут 1,66%-ға, тоннасына 33,121 мың рубльге дейін өсті.

Айта кетейік, МАЭК-тегі апат және мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуына байланысты елімізде мұнай өндірісінің көлемі айтарлықтай азайған. Жоспар бойынша Қазақстанда биыл 90,5 миллион тонна мұнай өндірілуі тиіс еді. Алайда, министрдің сөзінше, жыл соңына дейін мұнай өндірісі 1,5-2 миллион тоннаға дейін төмендеуі болжанып отыр.

Елімізде АИ-95 бензині тапшылығы туғандықтан, Ресей импортына иек артуға мәжбүр. Көрші елден 45 мың тонна жанармай жеткізілмек.

Серіктес жаңалықтары