×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда әскери міндеттілер оқуға шақырылады

26.08.2023, 16:32
Ашық дереккөз

ҚР Қорғаныс министрлігі алдағы әскери дайындық туралы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әскери қызметшілерді шақыруды Алматы қаласы, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары жүзеге асырады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу жиыны Гвардиялық гарнизонның 22326 әскери бөлімінде өтеді. Шараға 1500-ге жуық адам қатысады, оның ішінде 189 офицер, 275 сержант және 1036 сарбаз бар.

«Әскери міндеттілермен әскери дайындықты өткізудің негізгі мақсаты – оқу және практикалық дағдыларды дамыту, әскери дайындықтың қажетті деңгейін және әскери қызметке міндеттілердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын сақтау», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары