×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Қазпошта» ресейліктерге қосымша өнімі үшін 2 млрд теңге бермек пе?

27.08.2023, 14:18
«Қазпошта» ресейліктерге қосымша өнімі үшін 2 млрд теңге бермек пе?
Inbusiness.kz

Қазпоштаның тәуелсіз директоры Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желілерде тараған “компания ресейлік әзірлеушілерге қосымша өнімі үшін 2 миллиард теңге бермекші” деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгін бір телеграм-каналда «Қазпошта ресейлік әзірлеушілерге қосымша өнімі үшін 2 миллиард теңге береді» деген ақпарат жарияланды. Шетелдік бағдарламалық жасақтамаға 2 миллиард теңге береміз деген жоспар, тіпті ниет те жоқ. Сатып алу бойынша мүлде олай емес», - деді ол.

Құдайбергеновтың айтуынша, мұндай сатып алу өткен жылы жоспарланған және Әсел Жанасова (компания басшысы) келгеннен кейін мәмілені жою туралы бастама көтерілген.

«Сондықтан, сатып алудан бас тартқан адамға жасасу ниетімен айып тағылғаны екі есе жалған», - деп қосты ол.

Құдайбергенов «Қазпоштада барлық келеңсіздіктен жүйелі тазарту» жүріп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Telegram арналардың бірінде «Қазпошта ресейлік әзірлеушілерге қосымша өнімі үшін 2 миллиард теңге бермекші» деген тақырыппен ақпарат пайда болған.

«Әсел Жанасова ханым мұрнының астында не болып жатқанын тереңірек зерттеп, парасаттылыққа негізделген шешім қабылдауы керек еді. Пошташылардың президентке есеп беретін Жоғарғы есеп палатасының тексеруінен қорықпай әрекет етуі біртүрлі. Оған қоса, Кембридж білімі мен Мәскеу магистратурасына қарамастан Әсел Жұбанышқызы аз да болса патриоттық танытуы керек еді. Әйтпесе, біз IT-өркениеттің шетінде қала береміз. Айтпақшы, Мәскеу мемлекеттік университетіндегі достар «Қазпошта» төрағасына миллиардтарды игеруге «көмектеспейді» ме? Намыс қайда?», - делінген хабарламада.