×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ең жас депутат Мәди Ахметовтің немен айналысып жүргені белгілі болды

28.08.2023, 08:02
parlam.kz

Атышулы экс-депутат Мәди Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алмақ, деп деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебесі бар елдің жоғары оқу орны.

Экс-мәжілісмен ақылы негізде оқитыны атап өтілді. ЖОО-да оқу құны 2 миллион теңгеден асады.

Еске салайық, Мәди Ахметов жетінші шақырылымдағы Мәжілістің ең жас депутаты болды, ол "Нұр Отан" партиясы  ұсынған (қазір – Amanat) тізім бойынша сайланды. Оның атын шығарған –Алматыда Назарбаевтың ескерткішін орнату туралы ұсынысы. Ахметовтің бүкіл қазақстандық жастар атынан айтылған бұл ұсынысын ақпарат құралдары жаппай таратқан соң ол бірден түрлі мемдер “қаһарманына” айналды.

2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаты атанған Мәди Ахметов тура бір жылдан кейін өзге мәжілісмендермен бірге "Тұңғыш Президент туралы" заңды жарамсыз деп тану үшін бірауыздан дауыс береді.

Серіктес жаңалықтары