×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда ресейлік капиталы бар компаниялардың саны 70%-ға өсті

28.08.2023, 09:13
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда бір жыл ішінде ресейлік капиталы бар компаниялар 70%-ға көбейді. Бұл туралы ҚР-дағы РФ сауда өкілі Антон Логинов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ресми деректер бойынша 1 тамызда Қазақстанда 41 мың шетелдік ұйым тіркелген.

"Олардың ішінде 18 мыңының ресейлік капиталы бар, олар негізінен шағын және орта бизнес кәсіпорындары", — деді Антон Логинов.

Ол ірі бизнестің үлесі аз екенін атап өтті. Сайда өкілі ресейліктерге Қазақстанда бизнес ашу қиындық тудырмайтынын айтты: жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде арнайы сәйкестендіру нөмірін алуға болады.

Логиновтың айтуынша, Ресей Федерациясы кәсіпорындарының ҚР экономикасының өсуіне қосқан үлесін бағалау қиын, бұл бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Айта кетейік, елімізге Ресейден жарты жылда 7 мыңға жуық адам тұрақты тұруға көшіп келген.

Серіктес жаңалықтары