×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Илон Маск адамға ұқсайтын Optimus роботымен таныстырды

01.10.2022, 17:36
Фото: Ашық дереккөз

Илон Маск адам тәрізді Optimus роботын таныстырды. Оның құны 20 000 доллардан аспайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Guardian басылымына сілтеме жасап.

Tesla компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адам осындай миллиондаған роботты шығара алатынын айтты.

"Біздің мақсатымыз - пайдалы адам тәрізді роботты мүмкіндігінше жылдам жасау. Optimus-ты жақсарту және оны дәлелдеу үшін әлі көп жұмыс істеу керек", - деді Маск Калифорниядағы Пало-Альто қаласында орынтепкен Tesla кеңсесінде өткен шарада.

Ақпанда әзірленген прототип үлгісі көрермендер алдында қол бұлғап, билеу үшін сахнаға шықты. Tesla роботтың Калифорниядағы өндірістік станцияда өсімдіктерді суару, жәшіктерді тасымалдау және темір торларды көтеру сияқты қарапайым тапсырмаларды орындағаны туралы бейнені көрсетті.

Маск болашақта роботтарды үйде қолдануға, түскі ас дайындауға, көгал шабуға және қарт адамдарға күтім жасауға, тіпті адамдар үшін "дос" немесе жыныстық серіктес бола алатынын айтты.