×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Біздің өз ұстанымымыз бар": Ақпарат министрі мектепке хиджаб кию мәселесі туралы

28.08.2023, 13:46
фото: ашық дереккөзден

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ел мектептерінде хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр халықаралық тәжірибеде, әлемде бұл мәселе толығымен шешілгенін алға тартқан пікірлерге тоқталды. Оның пікірінше, бұл - жалған ақпарат.

 

"Мысалы, Еуропа, Франция, Австрия сияқты дамыған зайырлы және демократиялық мемлекеттер хиджаб киюді белгілі бір жасқа дейін шектеген. Әрине, бұған рұқсат беретін елдер бар. Сондықтан бұл мәселеде халықаралық тәжірибенің екіұшты екенін көріп отырмыз. Әртүрлі мемлекеттердің өзіндік тұрақты бағыты мен тәжірибесі бар. Біздің де өз ұстанымымыз бар. Ол - Конституция мен зайырлылықты сақтау", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған бұрын бұл мәселе туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев  жекелеген азаматтардың мектептерде хиджаб киюге рұқсат беру туралы талабына қатысты пікір білдірген

Айта кетейік, Білім туралы заңда қазақстандық оқушылар мектеп формасын киюі керек. Мектеп формасына қойылатын талаптар хиджаб киюге тыйым салады. Мектеп қабырғасында хиджаб киюге тыйым салу зайырлылық қағидаттарына сәйкес оқу орнының ішкі тәртібін сақтау мақсатында енгізілген. Мектептен тыс жерлерде бұл мәселе бойынша тыйым салулар қолданылмайды.

Ұлдарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді: пиджак, жилет, шалбар, көйлек, күнделікті жейде немесе түймелері әлде сырмалы құлып бар тоқылған куртка/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет). Ер балаларға арналған шалбар, ұзын және аяқтың тобығын жабады.

Қыздарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық блузка немесе түймелері әлде сыдырмалы құлып бар тоқылған куртка/кардиган, поло жейде немесе футболка (қыста: тоқылған жилет, сарафан). Бос және ұзын қыздарға арналған шалбар аяқтың тобығын жауып тұруы шарт.

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz шенеуніктер мектепте хиджаб киюге салынған тыйымды, білім туралы заңды неге дұрыс түсіндіре алмай жүргенін cараптаған еді.

Серіктес жаңалықтары