×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Шұбаркөл көмір" жұмысшыларының наразылығы: шенеуніктер мәселені шешуге құлықсыз

28.08.2023, 15:27
"Шұбаркөл көмір" жұмысшыларының наразылығы: шенеуніктер мәселені шешуге құлықсыз
Коллаж: ulysmedia.kz

Көмірмен қамтамасыз ету және жылыту мәселелеріне жетекшілік ететін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Шұбаркөл көмір" кәсіпорны қызметкерлерінің бейнеүндеуіне назар аударған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорын жұмысшылары әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығына, еңбек жағдайларының нашарлығына және төмен жалақыға шағымданған. Компания басшылығы мәселелерін шешуге құлық танытпағандықтан олар бейнеүндеу арқылы шенеуніктерге жүгінген.

Бүгін баспасөз мәслихатында журналистер министрлік тарапынан жұмысшылардың наразылығына байланысты қандай шара атқарылғаны туралы сұрады.

- Бүгінгі таңда күн тәртібінде тек жылыту маусымына қатысты мәселе бар. Менің білуімше, бұл мәселе шешілді, - деді индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов.

Қызметкерлердің наразылықтары мен кадрлар тапшылығы кезекті дағдарыстарға әкелуі мүмкін екені ескерткен тілшілердің келесі сұрағына Жолмағамбетов жауап бермеді.

"Мен түсініктеме бере алмаймын", - деп мойындады ол.

Айта кетейік, "Шұбаркөл көмір" ашық көмір өндірумен айналысады және Еуразиялық топ (ERG) компаниясының құрамына кіреді. Көмір өндіруден басқа, кәсіпорын мамандандырылған кокс, көмір шайыры және көмір майын өндіреді.

ERG Директорлар кеңесінің төрағасы – олигарх Александр Машкевич. Корпорация интеграцияланған, өндіруші, өңдеуші, энергетикалық және логистикалық кәсіпорындары бар минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші орындардың бірін алады. Активтердің негізгі бөлігі Қазақстанда орналасқан.

Машкевич – Израиль азаматы. Forbes мәліметтері бойынша, ол осы елдің ең бай бизнесмендерінің тізімінде 3,7 млрд доллар байлығымен алтыншы орында. Ол Қазақстанның 50 ықпалды бизнесмендерінің рейтингінде бесінші орынды иеленді. Оның қолында алюминий, темір рудасы, хром кен орындары, зауыттар, банк және медиа ресурстар бар. Ол Украина мен Ресейде әртүрлі салалармен айналысады.