×
449.96
487.67
4.86
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.96
487.67
4.86

Конституция күнін тойлауға Астана бюджетінен қанша қаржы бөлінді

28.08.2023, 17:29
egemen.kz

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының Конституция күніне орай елордада қандай шаралар өтетіні жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Басқарма мәліметінше, қалада Конституция күніне орай 70-тен астам бұқаралық, спорттық-мәдени шара жоспарланған. Бүгінге дейін соның 20-дан астамы ұйымдастырылды. Алдағы күндері 50-ге жуық шара өтеді. Сол шаралардың ішінде республикалық бәйге турнирі де бар.Оған еліміздің бүкіл өңірі мен қалаларынан 100-ге тарта таңдаулы жүйрік қатыспақ. Бәйге «Қазанат» атшабарында өтеді. Сәйгүліктер 2 400 метрлік «ұшқыр бәйгеде», 18 шақырымдық «топ бәйгеде», 25 шақырымдық «аламан бәйгеде» бақ сынайды. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер қала шенеуніктерінен Конституция күнін тойлауға Астана бюджетінен қанша қаражат бөлінгенін сұрады.

«Дәл Конституция күніне деп арнайы қаражат бөлінген жоқ. Мәдени іс-шаралар тізбегі де, спорттық іс-шаралар тізбегі де жылдың басында бекітілген, жоспар бойынша өтіп жатыр», - деді ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.

Айта кетейік, 30 тамыз – халқымыз үшін үшін маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 

Серіктес жаңалықтары