×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстан МАГАТЭ-мен соттаса ма – СІМ түсініктеме берді

28.08.2023, 16:51
фото: ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның МАГАТЭ-ге жіберген талабы сот арқылы емес, консенсустық сипатта қаралатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетейік, бұдан бұрын әлемдегі уранның ең ірі өндірушілерінің бірі саналатын Қазақстан МАГАТЭ директорлар кеңесінде дауыс беру мүмкіндігінің жоқтығына наразылық білдіріп, сотқа арыздануға дайындалып жатқаны хабарланған.

«Қазақстан агенттіктің тарихында алғаш рет МАГАТЭ-нің өңірлік топтарына кірмейтін және іс жүзінде МАГАТЭ-нің басқарушы органдарына сайлану құқығынан айырылған 17 елдің тізімін кодификациялауға қол жеткізді. Бұл тізімге Орталық Азияның барлық елдері, Израиль, Непал, Бахрейн, Камбоджа, Бруней-Даруссалам және басқалары да кіреді», - деді А. Смадияров.

СІМ өкілінің түсіндіруінше, Қазақстан бұл мәселені шешу жөніндегі қарар жобасын МАГАТЭ-нің Венадағы бас конференциясының алдағы сессиясына енгізуді жоспарлап отыр.

«Ағылшын тіліндегі Bloomberg мақаласында осы туралы айтылған. Алайда материал орыс тіліне аудару кезінде бұрмаланған. Осы ретте айтайын дегеніміз, бұл сот арқылы талап ету емес, консенсустық қарарды енгізу. Қазақстан мүдделі елдермен және МАГАТЭ хатшылығымен бірлесіп, осы мәселені реттеу және ұйымға қатысушылардың барлығының консенсусына негізделген құқықтық тетікті табу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Біз соның ішінде ядролық бестік тарапынан үлкен қолдауға ие болдық», - дейді Айбек Смадияров.

Серіктес жаңалықтары