×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

"Зорлық-зомбылықты азайту мақсатында": Қазақстанда ережесіз жекпе-жектер көрсетілімі шектеледі

29.08.2023, 08:27
Getty Images

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзі басқаратын ведомство телеарналардан ережесіз жекпе-жектерді көрсетуге шектеулер енгізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Зорлық-зомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз. Себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе мектеп балалары сол әдіс-тәсілді қолдану мақсатында кейде бір-біріне қол көтеріп жатады. Біз оны кейде байқамай Whatsapp арқылы таратып жатамыз. Мысалға, қыздардың төбелесіп жатқан сәті немесе ер балалар бір-бірін аяусыз ұрып жатқан видеолар кейде желіні шарлап жүреді. Ал зорлық-зомбылық немесе қатыгездік сол қатыгездікті туғызатыны белгілі», - деді Дархан Қыдырәлі.

Бұл ретте наурыз айында UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан жекпе-жектердің жалпыға қолжетімді арналардан көрсетілуін сұраған.

Спортшы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында ақпарат министрінің мәлімдемесіне жауап берді. Ол  Қыдырәлінің пікірімен үндеспейтін өз жаттықтырушысы Азиз Разиевтің пікірін жариялады.

"Егер сіз біздің спорт зорлық-зомбылық пен қатыгездік тудырады деп ойласаңыз, менің ойымша, көптеген адамдар сізбен келіспейді. Мәселелердің түп-тамырын басқадан іздеңіз. Біздің спорт қазіргі уақытта үлкен танымалдылыққа ие болуда, өйткені біздің спортшылар әлемдік ареналарда еліміздің туы мен имиджін мақтанышпен көтеріп жүр. Менің ойымша, мұндай жарқын мысалдар жастарға қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үйретпейді", - делінген желідегі жарияланымда.

Серіктес жаңалықтары