×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб астаналықтарға ескерту жасады

29.08.2023, 08:42
vlast.kz

Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«29 тамызда 9 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін Астана қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау мен Шымкентте терроризмді насихаттағандар сотталған.

Серіктес жаңалықтары