×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Сыртқы борыш $166 млрд-тан асты. Қазақстан қай елдерге берешек

13.10.2021, 14:41
фото: Ашық дереккөзден

Еліміздің сыртқы қарызы $166 миллиардтан асты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ұлттық банк деректері бойынша, ел берешегі 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша $166,7 млрд құрады. Бұл $6,9 млрд-қа немесе 4,3%-ға, 2020 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен артық, дейді LS.

Қарыздың ең көп көлемі Нидерландыға тиесілі – $ 44,7 млрд. Бір жыл ішінде ол 0,2%-ға қысқарды. Сондай-ақ Қазақстан Қытай алдындағы берешекті – 4,7%-ға, $9,7 млрд-қа, Жапония алдындағы берешекті – 3,5%-ға, $5,5 млрд-қа дейін азайта алды.

Өз кезегінде, бір жыл ішінде халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелер күрт өсті – 15%-дан астам, $11,4 млрд-қа дейін, Ресей – 8,5%-ға, $9,7 млрд-қа, Бермуд аралдары – 7,3%-ға, $10,2 млрд-қа, Ұлыбритания – 6,9%-ға, $23,3 млрд-қа дейін.

Сонымен қатар Қазақстан Виргин аралдарына $2,9 млрд, БАӘ – $2,4 млрд, Германияға $2,3 млрд қарыз болды, ал Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирия алдындағы сыртқы міндеттемелер әрқайсысы $100 мың.

Бұған дейін хабарланғандай, ЕАЭО елдерінің жиынтық мемлекеттік борышы $342,8 млрд құрады, Қазақстан үлесі $52 млрд жуық.

Серіктес жаңалықтары