×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда электроскутерлер туралы заң күшіне енді

30.08.2023, 10:17
Ашық дереккөз

Қазақстанда электроскутер міну ережелерін қарастыратын заңға енгізілген түзетулер ресми түрде күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңға сәйкес, электроскутер жүргізушілері енді веложол мен веложолақ бойымен, ал ол болмаған жағдайда жүріс бөлігінің оң жақ жиегімен жүруі тиіс.

Сонымен қатар, 18 жастан асқан азаматтар ғана жол бөлігіне шыға алады. Бұл ретте жүргізуші куәлігі, каска және қараңғыда шағылыстыратын зат болуы керек.

Егер скутер тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүрсе, оның жылдамдығы 6 км/сағ аспауы тиіс.

Скутер жүргізушілеріне мыналарға тыйым салынады: рульді ұстамай мінуге; жолаушыларды тасымалдауғ; қиылыстар арқылы жүруге.

Жол ережесін бұзған жүргізушілерге 10 мың теңгеден 17 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Жаяу жүргіншімен соқтығысқан жағдайда қамауға алу қаупі де болуы мүмкін.

Сонымен бірге, электрлік скутерді мас күйінде басқару құқығы әлі алынбады, өйткені ол механикалық көлік болып табылмайды және тіркеуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары