×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Екібастұз ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары қашан бітеді

30.08.2023, 11:50
Ашық дереккөз

Екібастұз шенділерінің мәліметінше, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу қабылдауға дайындау жұмыстары жүріп жатыр, басым бөлігі аяқталу сатысында, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Екібастұз ЖЭО-дағы екі энергетикалық қазандықта жұмыстар аяқталды. 20 қыркүйекке дейін тағы үш қазандықты жөндеу  аяқталады. № 11 және № 15 екі су жылыту қазандығындағы жөндеу жұмыстарының 60%-дан астамы орындалды. Осылайша, жылу беру маусымының басына қарай бес қазандық дайын болады. Бұл қазандықтар 30-32 градустан төмен температурада жұмыс істеуге жеткілікті”, – дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов. 

Жылумен жабдықтау желілері бойынша төрт жылу магистралінде жұмыстар жалғасуда. Жаңа желілерді төсеу, жуу және толтыру бойынша жұмыстарды 22 қыркүйекке дейін аяқтау көзделіп отыр.

Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша анықталған 119 ақаудың 96-сы жойылды. Қалған 23-ін жөндеуді 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.

Аймақ басшысы қала әкімдігіне алдағы жылу беру кезеңінің дайындық жұмыстарына тартылған мердігерлер мен жылу желілерінің қызметін қатаң әрі күнделікті бақылауға алуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары