×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ресей елшілігі даудан кейін Қазақстаннан кеткен бас консулға қатысты мәлімдеме жасады

31.08.2023, 08:42
Ресей елшілігі даудан кейін Қазақстаннан кеткен бас консулға қатысты мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөзден

Ресей елшілігі бас консул Евгений Бобровтың Қазақстаннан кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елшілік қоғамда Бобровтың қызметінен мерзімінен бұрын кету себептері туралы жалған ақпарат таратылып жатқанын атап өтті.

"Біз оның миссиясын Ресей Федерациясының Мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес жоспарлы түрде аяқтағанын хабарлаймыз", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің бас консулы Евгений Бобров Қазақстандағы жұмысын аяқтап, Алматыдан кеткенін айтқан еді.

Жуырда Евгений Бобров Қазақстанда орыстілді мектептер мен сыныптар санының азайғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазақ тілінде оқитын бірінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан «орыс тілі» пәнінің алынып тасталуы “қоғамды алаңдатқан”.