×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда ер адам автобус жолаушыларына пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен

31.08.2023, 11:09
kazpravda.kz

Алматыда беймәлім ер адам автобус жолаушыларына пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жолаушылар толы автобусқа кірген ер адамның қолындағы суық қаруды көруге болады.

Оқиға №135-бағыттағы автобуста болған. Қоғамдық көліктен түскеннен кейін қарулы адам автобус дөңгелегін жарамын деп қоқан-лоқы көрсетіпті.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Видеодағы ер адамның кім екенін анықтадық. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұр. Оның әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұдан бұрын Кореяда қазақстандық әйел автобус жүргізушісін пышақтап кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары