×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Зеленский соғыс қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

01.09.2023, 08:31
фото: ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс биыл аяқталуы мүмкін деп есептейді, бірақ бұл көптеген факторларға, соның ішінде қарсы шабуылдың сәтті жасалуына байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Украинаның НАТО-ға шақырылуы – соғыстың аяқталуын жақындатуы мүмкін екенін атап өтті.

Зеленский сонымен бірге Ресей Федерациясымен келіссөз жүргізу ықтималдығын жоққа шығармады, бірақ бұл "ресейліктер украиндардың өз жерінде өмір сүру құқығын құрметтей бастағаннан кейін және ел аумағын толығымен босатқаннан кейін ғана мүмкін болады" деп қосты.

"Соғыстың аяқталуын БҰҰ қарарына негізделген барлық әділ тармақтар орындалғаннан кейін болжауға болады", - деп түсіндірді президент.

Айта кетейік, бұдан бұрын Зеленский Украина соғыста жеңілсе, Ресейдің барлық көршісіне қауіп төнетінін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары