×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Министр Қарашөкеев "Бәйтерек" Директорлар кеңесінің мүшелігінен шығарылды

05.10.2022, 16:07
Фото: Ашық дереккөздерден

"Бәйтерек" холдингінің жалғыз акционерінің шешімімен холдингтің Директорлар кеңесінің құрамына өзгеріс енгізілді. Өзгерістерге сай, министр Ербол Қарашөкеев кеңес мүшелігінен шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті шешім Қазақстандық қор биржасының сайтында жарияланған (KASE).

Жекелей алғанда, Ербол Қарашөкеев Директорлар кеңесінің мүшелігінен шығарылып, Қанат Шарлапаев мүше ретінде сайланған. 

Енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, “Бәйтерекә холдингінің Директорлар кеңесі он адамнан тұрады: Әлихан Смайылов, Тимур Сүлейменов, Роман Скляр, Ерұлан Жамаубаев, Әлібек Қуантыров, Қайырбек Өскенбаев, Қанат Шарлапаев, Клаус Мангольд, Томас Миров, Филип Йео.