×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Ақтауға болмайды: Балаева ажырасқан әйелдерді "қоғамның соры" деген журналист жайлы

01.09.2023, 13:30
Коллаж: Ulysmedia.kz

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Аида Балаева ажырасқан әйелдерді "қоғамның соры" деп атаған журналист Меруерт Әйтенованың сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірер күн бұрын журналист Меруерт Әйтенованың “Көреміз” ток-шоуында ажырасқан әйелдерді қорлайтын мәлімдеме жасаған.

"Бақытсыз әйелсің сен, бақытсыз анасың. Бақыт көрмеген әйелсің. Отырсың, міне, әлемге жылап. Төрт баланы тапқызып, тәтті төсектің дәмін сездірген еркек, неге сонымен жабысып өмір сүрмейсің? Егер бәріміз де жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ... Сендер мынау ажыраған әйелдер - қоғамның сорысыңдар. Жек көреміз. Мысалы, жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көремін. Отырғым келмейді қасында. Мен сияқты миллиондаған әйелдер бар. Отбасын ұстап, қандай болса да көніп отырған әйелдер бар. Солар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді", - деді ол.

Аида Балаева "бұл арандатушылық мәлімдемені ақтауға болмайтынын" атап өтті.

"Оның үстіне ол өзін журналист ретінде көрсетеді және осылайша мамандықтың беделін түсіреді. Ешкім ажырасудан сақтандырылмаған – адамдар үйленеді, айырылысады. Оның өзін де не күтіп тұрғаны белгісіз. Мұндай адамдарды эфирге шақыратын редакторларға сұрақ көп. Олар бірінші кезекте мазмұнға жауап беретіндерін түсінуі керек", - деді ол.

Бұған дейін "НемолчиKZ"  қорының басшысы Дина Таңсәрі қазақстандықтарды Әйтенованы ажырасқан әйелдерді қорлағаны үшін сотқа беруге шақырған.

Серіктес жаңалықтары