Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Бішкекте заңсыз ақша алды деген күдікпен әртүрлі мектептердің төрт директорының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
24.kg мәліметінше, 1 қыркүйекте соңғы ұсталғандардың бірі 5 000 сом пара алған. Оның қай оқу орнының директоры екенін, Ұлттық қауіпсіздік комитеті нақтыламады, бірақ ұсталған азамат сол күні арнайы қызметтің тергеу изоляторына қамалды.
Агенттік таратқан сурет №51 мектептің директоры Гүлнұр Арзиеваның ұсталғанын көрсетеді.