×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Темекі тұқылынан шыққан өрттен үш адам көз жұмды

03.09.2023, 10:20
ТЖМ

Бүгін түнгі сағат 01:25-те Астана қаласының Өрт сөндіру қызметіне Титов көшесі, 25 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген уақытта екіпәтерлі тұрғын үйде 70 ш.м. алаңда өрт болып жатты. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарып, орташа дәрежедегі улы газдан улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер барлау және өртті сөндіру барысында 1983 және 1970 жылдары туған екі ер адамның және 1971 жылы туған әйелдің денесін тапты”, – дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Өрт сағат 02:55-те толығымен сөндірілген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 3 техника жұмылдырылды. 

Алдын-ала болжам бойынша өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. 

Айта кетейік, бұл мекенжайда осыдан бір апта бұрын, 24 тамызда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсынымдар беріп, өрт қауіпсіздігі парақшаларын таратқан.

 

Серіктес жаңалықтары