Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде шетел азаматтары да жазасын өтеуде. Жыл басынан бері мекемеден 12 шетелдік босатылған, - деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Polisia.kz-ның мәліметінше, мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ-нің 30.01.2016 жылғы №89 бұйрығына сай, босатылатын шетел азаматтарын құжаттарымен бірге Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Көші-қон басқармасына тапсырады. Одан әрі сотталған азаматты өз еліне жіберуді облыстық ПД-нің Көші-қон басқармасы жүзеге асырады.
«Қауіпсіздігі төмен мекемеден жазасын өтеп шыққан 12 шетел азаматы – Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елінің азаматтары. Олар шекараны заңсыз кесіп өткені үшін және жол-көлік оқиғасын жасағандары үшін сотталғандар. Бас бостандығынан айыру мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей, сотталған адам таңдаған тұрғылықты жердегі жергілікті атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын оның алдағы уақытта босатылатындығын, еңбекке қабілеттігін, игерген мамандықтары туралы хабардар етіледі. Мерзім соңымен мекемеден 100 сотталған босатылды», - деді режим тобының аға жедел уәкілі Ә.Рахманов.