×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Атбасар түрмесінде белсендінің азапталуы: тергеу басталды

04.09.2023, 13:57
Фото: Скриншот

Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Атбасардағы түрмеде азапталған белсенді Тимур Дәнебаевтың ісі бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты арнайы құралдарды пайдалану арқылы Ақмола облысы бойынша ҚАЖД әкімшілік мекемесінің заңды талабына бағынбау фактісінің жолын кесуде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны байқалады», - деп хабарлайды комитет.

Комитет қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданатынын атап өтеді.

3 қыркүйекте әлеуметтік желіде колония қызметкерлері әжетхана жуудан бас тартқан белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, қинаған видеосы тарады. Онда Дәнебаевты жерге жатқызып, қол-аяғын ұстап, дубинкамен ұрғаны көрінеді. "БАСЕ" телеграм-арнасы жариялаған видеодағы ақпаратқа қарағанда, бейне 24 тамызда Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда түсірілген. Әлеуметтік желіде тараған екі видеода биыл жазда сотталған Тимур Дәнебаев қызметкердің сұрағына жауап беріп, жатын бөлмені тазалауға келісетінін айтады. Қызметкер белсендіге «санитария-гигиена нормаларын сақтау» туралы міндетін айтып, күш қолдануға бұйрық береді. Видео соңында бұйрық беруші қызметкер белсендіге әкімшілік хаттама толтырылатынын айтады.

Серіктес жаңалықтары