×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жеңіс Қасымбекке де жаңа қызмет тізгіні тиді

04.09.2023, 14:35
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметов Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің жаңа қызметке ие болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бүгін Астана жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті. Конференция мүшелерінің шешімімен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек федерация президенті болып сайланды. Отырыс барысында қалада жеңіл атлетиканы дамыту, бапкерлердің біліктілігін арттыру және спортшылардың деңгейін көтеру сынды маңызды мәселелер талқыланды", – деп жазды Ахметов желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 2018 жылдан бері Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясын Даниал Ахметов басқарып келеді.

ШҚО-да 9 жыл әкім болған Ахметов маусым айында қызметінен босатылған болатын.

Ал Жеңіс Қасымбек 2022 жылдың желтоқсанынан бері Астана әкімі қызметін атқарады.

Серіктес жаңалықтары