×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Оралда "трамадол патшасы" қамауға алынды

04.09.2023, 18:01
RFE/RL

Орал қаласында "трамадол патшасы" деген атпен танылған Николай Карповты қамауға алу туралы сот қаулысы шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Карпов бірнеше рет және ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған. Судья оны екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Прокурор Карповтың мүлікке қарсы бірқатар ауыр қылмыстар жасағанын, залал 15 млн теңгені құрағанын айтты.

Айыпталушы өз кезегінде өзін нашар сезінетінін мәлімдеді және жазадан жалтармайтынына сендірді. Ол кінәсін мойындаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Орал қалалық соты трамадолды бей-берекет сатумен күресінің арқасында БҚО-да кең танылған, "Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Аслан Өтеповке қатысты үкім шығарды, ол алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал бұл уақытта есірткі сатылымының жетекшісі, фармацевт Николай Карпов құқық қорғау органдарындағы “қамқоршыларының” арқасында оған ешкім тиіспейтінін ашық айтып, әлеуметтік желіде бейнероликтер жариялап жүрді.

2023 жылдың қаңтар айының ортасында Карпов Орал полиция басқармасы бастығының орынбасары, полковник Эдик Болатовтың ісі бойынша сот процесінде сөз сөйледі. Ол Карповтан 4 миллион теңге пара алды деп айыпталған. Процесс барысында фармацевт әлдебір Наталья дегеннің және БҚО ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасының бұрынғы бастығы Андрей Хлевиннің ұсынысымен "трамадол" саудасымен айналысқанын мәлімдеді. Айтпақшы, Карпов ұсталды, бірақ көп ұзамай босатылды, ал полиция полковнигі Болатов мамыр айында бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары