×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Пхеньяннан шыға бермейтін Ким Чен Ын Путинмен кездесу үшін Ресейге барады

05.09.2023, 11:14
u-f.ru

Ресей президенті Владимир Путин мен КХДР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ын Ресейге Солтүстік Корея қару-жарақтарын жеткізу мәселесін талқылау үшін келіссөз жүргізбек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

АҚШ шенеуніктері арасындағы дереккөзге сілтеме жасаған басылымның жазуынша, Ким Чен Ын қыркүйекте Владимир Путинмен кездесіп, Ресейге қару-жарақ жеткізу мәселесін талқыламақ. Кездесу 10-13 қыркүйек аралығында Шығыс экономикалық форумы өтетін Владивосток қаласында өтеді деген болжам бар.

"Пхеньяннан сирек шығатын Ким Чен Ын бронды пойызбен Ресейдің Тынық мұхиты жағалауына барады деп болжанып отыр. Әскери барлаудың бұл ақпаратын бұдан бұрын The New York Times басылымы келтірген", - деп жазды The Guardian.

Айта кетейік, бұдан бұрын Украинаға соғыс басталғалы 100 млрд доллардың әскери көмегі көрсетілгені хабарланған.

Украинаға халықаралық әріптестері ұсынған көмектің жартысынан астамын, шамамен 60 миллиард долларын АҚШ берген.

Батыс елдері Украинаға әскери көмек беруді жалғастыруға ниетті. Киев олардан қарудың жаңа түрлерін, соның ішінде ұшақтар мен орта қашықтыққа арналған зымырандар сұрап отыр. Алайда сарапшылардың кейбірі Киев биыл жаздағы қарымта шабуылда айтарлықтай нәтиже шығармаса, әскери көмек азаюы мүмкін екенін ескерткен.

Серіктес жаңалықтары