×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Атбасар түрмесіндегі азаптау: 2 басшы, 7 қызметкер жұмыстан қуылды

06.09.2023, 10:26
видеодан кадр

Қоғам белсенділері Ақмола облысының колониясында тұтқындарды азаптау фактісі бойынша тексерулерден кейін 9 қызметкер, оның ішінде екі басшы жұмыстан босатылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белсенділердің сөзінше, жұмыстан босату туралы бұйрық бір күн бұрын шыққан. Жеті қызметкер, екі басшы өз лауазымдарынан айырылды. Тағы екі қызметкер ауруханада жатыр. Қызметкерлерге қатысты қылмыстық тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"ІІМ фактілер мен дәлелдемелерді жасыруға тырысып жатқан жоқ, ҚАЖК мекемеге баруға және сотталғандармен кездесуге кедергі келтірмейді. Прокуратура сотталғандарға бұрын қолданылған барлық жазалардың күшін жойды, жәбірленушілер қауіпсіздік бойынша жабылды, оларды тергеу изоляторына кезеңдеу күтілуде. Бізді барлық кінәлілер лайықты жаза алады деп сендірді", - деді қоғам белсенділері.

Еске салайық, 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде колония қызметкерлері әжетхана жуудан бас тартқан белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, қинаған видеосы тарады. Онда Дәнебаевты жерге жатқызып, қол-аяғын ұстап, дубинкамен ұрғаны көрінеді. "БАСЕ" телеграм-арнасы жариялаған видеодағы ақпаратқа қарағанда, бейне 24 тамызда Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда түсірілген. Әлеуметтік желіде тараған екі видеода биыл жазда сотталған Тимур Дәнебаев қызметкердің сұрағына жауап беріп, жатын бөлмені тазалауға келісетінін айтады. Қызметкер белсендіге «санитария-гигиена нормаларын сақтау» туралы міндетін айтып, күш қолдануға бұйрық береді. Видео соңында бұйрық беруші қызметкер белсендіге әкімшілік хаттама толтырылатынын айтады.

Бұдан бұрын Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Тимур Дәнебаевтың ісі бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлаған.

«Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты арнайы құралдарды пайдалану арқылы Ақмола облысы бойынша ҚАЖД әкімшілік мекемесінің заңды талабына бағынбау фактісінің жолын кесуде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны байқалады», - деп мәлімдеді комитет.

Серіктес жаңалықтары