×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Атбасар түрмесіндегі азаптау: тергеу қорытындысы жарияланды

06.09.2023, 12:16
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ақмола облысында түрмедегі азаптау оқиғасынан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметінен шеттетіліп, 11 қызметкер жұмысынан айырылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлім етті.

Әлеуметтік желіде Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемеде болған оқиға туралы видео жөнінде мынаны хабарлаймыз. Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау фактісі бойынша арнайы құрал пайдалану кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдалану белгілері байқалады. Жүргізілген қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия шешімімен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқарып отырған лауазымынан шеттеуге ұсынылды, - делінген ресми мәліметте.

Сонымен бірге заң бұзуға қатысы бар 11 қызметкер жағымсыз әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан қуу ұсынылған.

Қазір прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу жүрзігіп жатыр, - деп жазады комиеттің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде колония қызметкерлері әжетхана жуудан бас тартқан белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, қинаған видеосы тарады. Онда Дәнебаевты жерге жатқызып, қол-аяғын ұстап, дубинкамен ұрғаны көрінеді. "БАСЕ" телеграм-арнасы жариялаған видеодағы ақпаратқа қарағанда, бейне 24 тамызда Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда түсірілген. Әлеуметтік желіде тараған екі видеода биыл жазда сотталған Тимур Дәнебаев қызметкердің сұрағына жауап беріп, жатын бөлмені тазалауға келісетінін айтады. Қызметкер белсендіге «санитария-гигиена нормаларын сақтау» туралы міндетін айтып, күш қолдануға бұйрық береді. Видео соңында бұйрық беруші қызметкер белсендіге әкімшілік хаттама толтырылатынын айтады.

Бұдан бұрын Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Тимур Дәнебаевтың ісі бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары