×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының мүшелері Қазақстанға жеткізілді

06.09.2023, 17:23
ҰҚК

Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, аталған адамдарды бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздестіруге жариялаған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, оның мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан.

 

ҰҚК операциясы шеңберінде шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтау, сәйкестендіру және ұстау жөніндегі қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Күдікті адамдар ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органының қызметкерлеріне берілді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қоспаев "BN Invest қаржы-өнеркәсіп Холдингі" ЖШС директорының орынбасары болды, компанияға бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаев басшылық етті.

Серіктес жаңалықтары