×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Көкшетауда заңға бағынғысы келмеген экстремалды спорт әуесқойы жазаланды

07.09.2023, 09:03
көрнекі фото

Көкшетауда әуе кеңістігінде ұшу аппараттарын тиісті тіркеуден өткізбей, пайдалану тәртібінің бұзылуы анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, авиация саласындағы қолданыстағы заңнамада меншік иесінің әуеде қозғалатын кез келген құралды мемлекеттік органның есебіне қою міндеті көзделген.

«Барлық қажетті заңды рәсім орындалғаннан кейін ғана авиа аппараттар ұсынылған ұшу жоспарына сәйкес ұшуға рұқсат беріледі. Алайда, экстремалды спорт әуесқойы бірнеше жыл бойы «Windtech» және «BOXER» мотопаропландарын тіркеуден жасырып қолданған», - делінген хабарламада.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен жүргізілген бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде «ұшатын аппараттың» иесі ҚР ӘҚБтК 569-бабының 6-бөлігі бойынша айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (мемлекеттік тіркеуден өтпеген әуе кемесіне рұқсаты болмағаны үшін).

Серіктес жаңалықтары