×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Мароккодағы зілзала: қаза тапқандар саны 2,1 мыңнан асты

11.09.2023, 07:55
REUTERS

Соңғы мәліметтер бойынша, Мароккодағы жер сілкінісі 2100-ден астам адамның өмірін қиып, 2400-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марокко билігі бұдан бұрын бірнеше ауылды жермен-жексен еткен зілзаладан қаза тапқандар саны 2122-ге жетті, 2421 адам жарақат алды, олардың 1400-ден астамы ауыр жағдайда деп хабарлаған.

Құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік,  8 қыркүйек күні кешке Марракештен 80 шақырым жерде Мароккода магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі болды. 19 минуттан магнитудасы 4,9 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі – Марракештен оңтүстік-батысқа қарай 71 км жерде, ірі туристік орталық болып табылатын Атлас тауларының халық сирек қоныстанған аймағында болды.

Серіктес жаңалықтары