×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Моноқалаларға бөлінетін триллиондар: үкімет дамуы кенжелеген шаһарларды қалай тірілтпек

11.09.2023, 08:32
Жаңатас қаласы

Елімізде Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет мәліметінше, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген. Бұған дейін Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылданған.

“10 кешенді жоспар аясында 608 тармақтан тұратын іс-шараларды іске асыру көзделген: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған. Осы мақсаттарға 1,7 трлн теңге жоспарланған”, – делінген хабарламада.

Мысалы, Жаңатас қаласында республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ басқа да көздер есебінен 75 іс-шараны іске асыруға 3 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланған. Қаратауда шамамен 50 млрд теңге – бюджеттен тыс ақша.

Арқалық қаласында Маятас кластерінің кен орындарына геологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін тау-кен байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Құны 315 млрд теңге болатын жоба 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Арқалықты әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылған.

“Балқаш қаласында Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 8,5%-ға, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 90%-дан кем емес өсіп, негізгі капиталға салынған инвестиция 57 млрд теңге болады деп күтілуде. Шағын және орта бизнес нысандарының саны, олардың өнімдерінің көлемі және жұмыс орындары біраз көбеймек. Ал әуежай реконструкцияланғаннан кейін туристер ағыны мен іскерлік белсенділік 4 есе артады деп болжанып отыр. 2027 жылға дейін атмосфераға таралатын зиянды шығарындылар 78,5 мың тоннадан 50,2 мың тоннаға дейін азаяды деп күтілуде”, – деп мәлім етті Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ал Ақмола облысының Степногорск қаласында өнім шығаруды 71 млрд теңгеден 90 млрд теңгеге дейін, ал ауыл шаруашылығындағы ЖІӨ көлемін 10%-ға арттыру көзделіп отыр. 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Медицина қызметкерлері жаңа медициналық колледжде дайындалатын болады. Орталық қалалық ауруханаға күрделі жөндеу және техникалық жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жылумен және электрмен жабдықтау мен кәріз желілерінің тозу деңгейін төмендету жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары