×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Қазпошта" цифрлық жүйеге қалай көшіп жатыр

11.09.2023, 11:01

"Самұрық-Қазына" ұлттық қорында "Қазпоштаның" жұмысы талқыланды. Қордың қоғамдық кеңесінің мүшелерімен бірге ұлттық пошта қызметтері операторының басқарма төрағасын Ulysmedia.kz тілшісі де тыңдады.

"Қазпошта" дағдарыстан шығып келеді

Соңғы жылдардағы экономикалық проблемалар "Қазпоштаны" да айналып өткен жоқ. Компания басшысы Әсел Жанасова түсіндіргендей, мемлекеттің қолдауы көмектесті, бірақ дағдарыстан құтқарған жоқ – өткен жылы ауылдарда қызмет көрсету бойынша шығындар 9 млрд теңгені, ал бюджеттен субсидиялар – 2,5 млрд теңгені құраған.

Дегенмен, қазір компанияның кірісі 43%-ға немесе 14 млрд теңгеге өсті, оның 10,2 млрд теңгесі – қазынашылық операциялар бойынша, 5,1 млрд теңгесі – пошта және қаржы-агенттік қызметтер бойынша.

Шығындардың көп бөлігін жалақы қоры құрайды. "Қазпошта" басшысы компанияда қызметкерлер қысқартылмағанын және өндірістік персоналдың жалақысын 25%-ға дейін индекстеу жүргізілгенін мәлім етті.

Шығындарды оңтайландыру да маңызды рөл атқарды. Тек 7 айдың ішінде пошта операторы 7,6 млрд теңге үнемдеген.

Әлеуметтік жауапкершілік

"Қазпошта" әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсетеді, әмбебап қызметтерді мемлекет субсидиялайды. Олардың ішінде газеттер мен журналдарды жеткізу, жазбаша хат-хабарлар, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бар. Компания бұл қызметтерді елдің ең шалғай елді мекендеріне жеткізеді.

Қызмет сапасы және шағымдар

Жанасова қызметтердің сапасы үнемі клиенттердің көңілінен шыға бермейтінін мойындайды, бірақ бұл мәселе біртіндеп шешілуде. Жақын арада QR көмегімен электрондық кезек жүйесін жақсарту, кері байланыс орнату және бөлім басшылары үшін жаңа KPI енгізу жоспарлануда.

- Біз клиент басты назарда болуы керек екенін түсінеміз, сондықтан барлық күш-жігерімізді қызметтердің сапасын жақсартуға бағыттаймыз. Мысалы, биылғы жылы барлық курьерлік жөнелтімдердің 90%-ы алушыларға беру пунктіне келген сәттен бастап 36 сағат ішінде жеткізілді. Біз тұтынушылардың шағымдарына үш күн ішінде жауап береміз", - деп сендірді компания басшысы.

Қызметкерлердің жалақысы

Шығындардың басым бөлігі – жалақы. Өткен жылы ол 25%-ға көтерілді. Жанасова "Қазпоштаның" ауылдық бөлімшелеріндегі 20 мың теңге жалақы туралы сұраққа жауап берді.

Инфрақұрылым қатты тозған

"Қазпошта" – еліміздегі ең ауқымды, бірақ ең қатты тозған желі, инфрақұрылымның 70%-ы жаңартуды талап етеді.

Компания мәселені белгілі бір дәрежеде шешуге көмектесетін мобильді пошта бөлімшесінің жаңа тұжырымдамасын жасайды. Сондай-ақ компания автопаркі жаңартыла бастады, 33 арнайы көлік сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 53 көлік сатып алу жоспарланған. Жалпы қажеттілік шамамен 600 машинаны құрайды.

IT стратегиясы

Технологиялық революция дәуірінде газеттер мен журналдарды жеткізуге сұраныс төмендеп, Қазақстанда бұл көрсеткіш 17%-ға жетті.

Осыған байланысты IT архитектурасы жаңартылып, IT стратегиясы әзірленуде.

  • 5-тен 10 күнге дейінгі мерзімде АҚШ пен Еуропадан тауарларды жеткізу бойынша Keruen виртуалды мекенжай қызметі. Жоба жаһандық қатысуды кеңейтуге және End-to-End (E2E) – халықаралық электрондық коммерция операторы ретіндегі позицияларды нығайтуға бағытталған.

Қазпошта  End-to-End оператордың рөлін атқарады және жаңа платформалармен интеграциялау, тілді/интерфейстерді бейімдеу және маркетинг пен тұтынушылардың зерттеулеріне көмек көрсету арқылы ЕО-ның ірі халықаралық алаңдарын тартады.

  • Keden сервисі кедендік декларацияны смартфон арқылы ресімдеуге мүмкіндік береді.
  • post.kz  қосымшасы қайта іске қосылады.
  • Заңды тұлғалар интернет-банкинг қызметін пайдалана алады.

Сондай-ақ "Қазпоштада" техника жаңартылып, ауылдық бөлімшелердегі интернет жылдамдығы артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, “Қазпошта” өз тарихын осы ғасырдың басынан бастап жүргізіп келеді, 1993 жылдан бастап ұлттық пошта операторы мәртебесіне ие болды. 2022 жылдың қараша айынан бастап компанияны Әсел Жанасова басқарады.

Серіктес жаңалықтары