×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда кедейлер саны азайды ма

11.09.2023, 12:47
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 100,4 мың отбасы 2023 жылы кедейлік жағдайынан шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2022 жылы АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасын (728,7 мың адам) құрады, осы жылдың 1 тамызында 102,7 мың отбасы АӘК (538,9 мың адам) алды”, – делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 25,1 мың отбасы немесе 24,4%, Шымкент қаласында – 11,1 мың отбасы немесе 10,8%, Қызылорда облысында – 8,8 мың отбасы немесе 8,6%, Алматы облысында – 8,6 мың отбасы немесе 8,4%, Жамбыл облысында – 7,2 мың отбасы немесе 7%, Жетісу облысында – 6,2 мың отбасы немесе 6% тіркелген.

АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың үлесінде – 65,9% немесе 355,2 мың адам, 14,9% немесе 80,1 мың адам – жұмыс істейтін азаматтар; 13% немесе 70 мың адам – балаларға, қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдар; қалған 6,2% – азаматтардың басқа санаттарына тиесілі.

Айта кетейік, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Жуырда депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын мәлімдеген.

Ал оның әріптесі Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.

Серіктес жаңалықтары